Жаңалықтар

12 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Шымкентте ұсталды

ашық дереккөз

Өзбекстан азаматына ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жариялаған.

Өзбекстан азаматы 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында 45 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

«Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.