Жаңалықтар

Алматыда дәмхана өртенді

Дәмхананың 150 шаршы метр аумағы жанып кеткен.

Алматыда кафе өртеніп жатыр. Розыбакиев көшесінің бойындағы Тауфиқ атты тамақтану орын өртке оранды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 30 адамы жұмылдырылды. Дәмханадан өрттің шыққандығы туралы хабар орталыққа таңғы сағат 8:58-де түскен.  

Дәмханаға таңертең келушілер болмаған. Жанып жатқан нысаннан 7 газ баллоны шығарылды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағатқа жуық арпалысқан. Қазір мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ғимараттың төбесіне су төгу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәмхананың 150 шаршы метр аумағы жанып кеткен.