Жаңалықтар

Ілияс Жансүгіровтің қызы қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Жанар Жандосова Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Бүгін Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы, дарынды ұстаз, қайсар әйел Ильфа Ілиясқызы 89 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы оның қызы Жанар Жандосова Facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Айта кетейік, Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29 мамырда Алматыда дүниеге келген. Алайда 1937 жылы «Халық жауының» отбасы деп айыпталып, ел ішін кезіп жүруге және соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылына қоныстануға мәжбүр болған. 

1950 жылдардың басында Алматыда Ильфа Жансүгірова шет тілдер институтына түсіп, бітіргеннен кейін политехникалық институтта неміс тілінің оқытушысы болып жұмыс істеді. Сәтбаев атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Абай, ҚазКСР педагогикалық қоғамының ғылыми хатшысы, сондай-ақ ҚазКСР Ғылым Академиясының Шет тілдері кафедрасының оқытушысы болған.