ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындалды

15 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Тэгтер:

Қарулы Күштер Бас штаб Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов