Қоғам

Өскеменде оқ жарақатынан қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Күдікті ұсталды

Қала тұрғындарының бірі 102 арнасына қоңырау шалып, көпқабатты үйдің кіреберісінің жанында қансырап жатқан адам туралы хабарлама берген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамның өлі екенін анықтаған, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қазақстан көшесінде болған. 

«Полиция келген кезде мәйіт табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды», - деп қосты ДП.

Күдікті ұсталды.

Қазір ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

«Бейресми мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам 1990 жылғы азамат, күдікті 1997 жылы туған», - делінген хабарламада.