Қоғам

Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, үш рейс тоқтатылды

Ашық дереккөз

Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы

Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.

"Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес", - делінген хабарламада.

Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.

Әуеайлақтағы ауа температурасы - 18 градус суық. Желдің жылдамдығы - 12м/с.