Жаңалықтар

Бүгін өңірлерде ауа райы қандай болады?

Ашық дереккөз

14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.