Жаңалықтар

Дубайдағы ат жарыста қазақстандық сәйгүлік жеңіске жетті

Ашық дереккөз

2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 жылқы қатысты

12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 жылқы қатысты. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстандық сәйгүліктің жанкүйерлері жеңіске жеткен видеоны әлеуметтік желілерге жариялады.

«Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл – сенсация», - деп жазды видео авторы.

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.