Анасын іздеген бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек шықты

13 қаңтар, 2024 / Ақмарал Берекет
Newsroom.kz
21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген

"Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ана анализ тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

"Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар. Бүгін анализ тапсырған болжамды ана – Мақпал", – деп жазды журналист Қымбат Досжан  әлеуметтік желіде.

21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. 

 

Тэгтер:

оқиға