Қоғам

Талдықорғанда деструктивті діни ағымның өкілі ұсталды

Оның көлігінен 2 келі 722 грамм марихуана табылды

Жетісу облысының полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екенін көрсетті.