Қоғам

Павлодар облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Ашық дереккөз

Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр

Екібастұз бен МАЭС-1 стансасын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 стансасына апаратын автожолдың бойында болған. Көпір үстінде Митсубиси маркалы автокөлік «Вольво» автобусын басып озып, қарсы жолақта «Ауди» жеңіл көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік апатының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.