Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, қалың қар: бүгін ауа райы қандай болады

Ашық дереккөз

13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Болжам бойынша, республиканың солтүстік-батысында қалың қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Сондай-ақ еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.