Ұлттық қорғаныс университетіндегі Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Қорғаныс министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіріді.
Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығында ашылған ескерткіші елордадағы Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан алынып тасталды деген ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz
Қорғаныс министрлігіне Stan.kz тілшісі сұрау салды. Министрлік Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында тұңғыш президентінің ескерткішін бөлшектеуге (демонтажға) қатысты ақпаратты растады.
«Қорғаныс министрінің бұйрығымен «тұңғыш президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі», – делінген хабарламада.