Жаңалықтар

Атбасарлық тұрғын қызбен кездесуге бару үшін қоқыс таситын көлікті ұрлап кеткен

Оқиға 10 қаңтарда түнгі сағат 02.30-да Атбасар қаласында болған,

Ақмолалық полицейлер мас күйінде өндірістік базаның гаражынан қоқыс шығаратын көлікті ұрлап кеткен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Stan.kz  сайтының мәліметінше, ол сол арқылы қызбен кездесуге бармақ болған.

10 қаңтарда түнгі сағат 02.30-да Атбасар қаласында полицейлер жолда тайғанақтаған жүк көлігін байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек керек немесе жоқ екенін анықтамақ болған. Алайда «МАЗ-5340 В2» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұл көлікті басқару құқығы туралы құжаттарын да бере алмаған. Сонымен қатар әңгіме барысында полицейлер ер адамнан алкоголь иісін байқаған.

Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Атбасар аудандық соты ер адамның ешқашан көлік жүргізуге құқығы болмағанын ескере отырып, 20 тәулікке бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар полиция қылмыстық іс қозғады.