Жаңалықтар

Семейде жас ұстаз комикс арқылы физика пәнінен сабақ береді

Мұғалім компьютер ойындары мен комикс-сериалдарды пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып жүр.

Абай облысы Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің физика пәні мұғалімі Жасқайрат Нәубетов физика пәнін оқытуда ерекше тәсіл қолданады, деп хабарлады turkystan.kz.

Заманауи мұғалім әлеуметтік желі, компьютер ойындары, комикс-сериалдарды пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып жүр.  

Жас мұғалім ерекше тәсілмен оқытуды 7,9 – сынып оқушыларына қолданады. «Тығыздық», «Ньютон заңдары», «Энергия сақталу заңы», «Архимед заңы» тақырыптарда комикстер жасап, түсінуге күрделі тақырыптарды жеңілдетіп өткізіп жүр.

Жас маман болашақта оқушылар арасында комикстер бойынша жарыс ұйымдастырмақ. Қазір мектепте физика пәнінен тақырыптың күрделілігіне, құрылымына қарай комикс салдырып, дағдыландыруға күш салып жүр.