Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Республиканың басым бөлігінде жауған қар мен бұрқасын аязға ауысады.

«Қазгидромет» РМК 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде қалың қардың артынан күн суытып, аяз жүреді.

Республиканың басым бөлігінде жауған қар мен бұрқасын аязға ауысады.

Еліміздің батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 25-30, шығысында 15-20, оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейді.