Жаңалықтар

Министрлік Zoom-ның баламасы – Qosyl жобасын әзірледі

ашық дереккөз

Qosyl жобасы сәтті жобалардың біріне айналды

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация Комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бастамасымен онлайн режимде жиындар өткізуге арналған «Qosyl» жобасы іске асырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Министрлік 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Орталық және жергілікті атқарушы органдарда ашық жиындар өткізу үшін аталған жүйені пилоттық режимде іске қосуды ұсынды.

«Бағдарламаны пилоттық режимде іске қосу сәтті аяқталып, бүгінде орталық мемлекеттік органдар онлайн-жиындар өткізу үшін отандық жобаны тиімді пайдалануда», – делінген хабарламада.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бұл жобаның мемлекеттік қызмет саласындағы маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік органдар жиындарды өткізу үшін онлайн платформаларды белсенді пайдаланады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің уақытын үнемдейді. Осыған байланысты Министрлік «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп отандық бағдарламалық жүйені әзірлеу туралы шешім қабылдады. Qosyl жобасы сәтті жобалардың біріне айналды. Ең алдымен, жаңа жүйе кеңестерді қауіпсіз ақпараттық ортада өткізуді қамтамасыз етеді, бұл әсіресе мемлекеттік органдар үшін маңызды. Сонымен қатар, ол артық ресурстарды қажет етпейді, бұл оны қолдануға ыңғайлы етеді», - деп атап өтті Бағдат Мусин.