Жаңалықтар

Маңғыстауда өте сирек кездесетін ақ қасқыр фото тұзаққа түсіп қалды

Ақ қасқыр – Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң.

Өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалында фотоқақпанға түскен, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақ қасқыр – Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады», - дейді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.