Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Дене шынықтыру сабағында 8-сынып оқушысы есінен танып қалған.
Шымкентте дене шынықтыру сабағында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.
«Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші рет арнайы жедел жәрдем шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр», - деді Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.