Жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: қосымша техника тартылды

ТЖМ

Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 50 бірлік техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 бірлік ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі үйінді астында қалған автобусты іздеу үшін қосымша техника жұмылдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұмыстарға шағын экскаватор тартылды. Оның жалпы салмағы 3,5 тонна. Ол ауыр техника жол ашқаннан кейін, шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізуге қатысады.

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқырдың түбінде маркшейдер рейкасын орнату және автобустың болжамды орналасқан жерін сигналдық лентамен белгілеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Техниканың өтуі үшін бағаналы жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы опырылған жерден 110 мыңнан астам тонна топырақ пен тау жыныстары шығарылды.Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда,- делінген хабарламада.

Комиссия мүшелері жерасты тау-кен қазбаларына жерүсті опырылу әсерін анықтау мақсатында жерасты кенішін шахтаға түсіруді жүзеге асырды.

Жерасты кенішінің пайдаланылған тау-кен қазбаларына қолжетімділікті жүзеге асыру үшін тау-кен массасының опырылу орындары мен масштабтарын көзбен анықтау мақсатында пайдаланылған тау-кен қазбаларындағы бетон көпірлерін талдау жұмыстары жүргізілді,- делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 50 бірлік техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 бірлік ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.