Жаңалықтар

Президент Мақпал Жүнісоваға құттықтау хат жіберді

Мемлекет басшысы Халық әртісін 60 жас туған күнімен құттықттады.

ҚР Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова 60 жасқа толды. Өнер иесін арнайы құттықтағандардың қатарында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Мемлекет басшысы Халық әртісінің туған күніне құттықтау хат жіберген.

Сондай-ақ ол жеке парақшасына алғаш сахнаға шыққан сәтіндегі видеосымен бөлісіп, құттықтап жатқан тыңдарманына да алғыс айтты.