Қоғам

Елімізде 161 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонында сапарлаған

ашық дереккөз

Әйелдер вагондарында жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне жол беріледі.

2023 жылы әйелдер вагондарымен 161 мыңға жуық жолаушы жол жүруді таңдады, деп хабарлады turkystan.kz. Салыстырмалы түрде, 2022 жылы мұндай вагондарда 114 мыңнан астам адамға жеткен. Ал 2021 жылдың 3 айында еліміздің арулары неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам қазақстандық әйелдер вагондарында саяхаттады. Бүгінгі таңда әйелдер вагондары 8 жолаушылар пойызының құрамында: - №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны; - №351/352 «Алматым – Өскемен» №10 купе вагоны. - №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны; - №37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны; - №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны; - №33/34 «Ақтөбе -Алматы-1» № 06 купе вагоны; - №4/3 «Астана - Алматы-2» № 17 купе вагоны; - №71/72 «Астана – Шымкент» №10 купе вагоны бар.

Айта кетсек, әйелдер вагондарында жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне жол беріледі.