Қоғам

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген.

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды.