Саясат

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

ашық дереккөз

Заң бойынша президент жоғарғы сот судьяларын сенат арқылы қызметінен босатады.

Сенат Жоғарғы соттың 4 судьясын қызметінен босатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сенатта Қазақстан Республикасы Жоғары сот кенесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.

«Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бұлардың бәрінің судьялық жұмыста тәжірибесі мол – 26 жылдан 40 жылға дейін өтілі бар. Судья Ербол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалған», - деді Денис Шипп.