Боран, қалың қар: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.
Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше,еліміздің басым бөлігі әлі де атлантикалық циклон ықпалында болады.
Соның салдарынан қар жауып, бұрқасын соғады.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады.
Еліміздің бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады, - делінген хабарламада.