Қоғам

Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады

Азаматтарды қабылдау орталығы халықпен жұмыс жөніндегі жергілікті атқарушы органның бірыңғай фронт-желісі болуға арналған.

Елордада 3 қаңтардан бастап Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады. Ол барлық құрылымдық бөлімшелердің өкілдерін бір жерге біріктірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, Азаматтарды қабылдау орталығы халықпен жұмыс жөніндегі жергілікті атқарушы органның бірыңғай фронт-желісі болуға арналған.

Орталық базасында келушілер ыңғайлы жағдайда мемлекеттік органға өтініш бере алады. Сондай-ақ әкімдік ведомстволары өкілдерінің кеңесін, мемлекеттік қызмет ала алады, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.

Орталықтың міндеті жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшелермен және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.