Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр – Антикор
Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.
2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.
Ведомство өкілінің айтуынша, қазір Сатыбалдадан тәркіленген мүліктің барлығы мемлекет меншігіне өткен. Олардың жалпы құны 650 миллиард теңгеден асады.
Қайрат Сатыбалды бойынша елден заңсыз шығарылған 650 млрд теңге (1,4 млрд доллар) мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде әртүрлі мүлік бар, – деді Арман Тілеукенов брифинг барысында.
Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық қылмыстық істерді тергеу аясында соңғы екі жылда мемлекетке 912 миллиард теңге қайтарған.
Сондай-ақ оның салықтан жалтарды деген күдікке ілінгенін айтылды.
Қазір Қайрат Сатыбалдыға қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Сатыбалды түрлі мүлік, оның ішінде шетелден де мүлік сатып алған. Ол Қазақстандағы және шетелдегі банктерден ақша алған. Бүгінде бұл іс сотта. Сондай-ақ тағы бір салықтан жалтару әрекеті бойынша тергеу жалғасып жатыр, - деді Арман Тілеукенов.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда қамалды. Оған «Алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік зиян келтіру» және «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ұрлау» баптары бойынша айып тағылды. Оған тағылған айып «Қазақтелеком» және «Көлік сервис орталығы» компанияларымен байланысты. Ол аталған компаниялардың ірі көлемдегі қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. 2022 жылы қыркүйекте сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілген.