Жаңалықтар

Қазақстанда қылмыс деңгейі 11% төмендеді

egemen.kz

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның ішінде:

- 14,9%- ға (44 106 - 37 548) ауыр қылмыстар;

- 12,6%-ға (67 340 - 58 874) ауырлығы орташа қылмыстар;

- 4%-ға (22 741 - 21 826) онша ауыр емес қылмыстар.

Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстар саны 15,7%-ға (2 241 - 2 593) артқан. Ал тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты.

«824 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарды (578-ден 447-ге), 97 тұлға сотпен ақталды», – делінген хабарламада.