Қоғам

Астанада 2400-ден астам жұмысшы қар тазалауға шықты

9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды.

Астанада 1600-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашынның мол болуына байланысты қарды тазарту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3444 жүк рейсіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.