Жаңалықтар

Ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды: Павлодар облысында ауылда шыққан өрттен 8 жастағы бала қайтыс болды

instagram.com/glpr.semeyormany

Өрт салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға барар жолда қаза тапты

Қайғылы жағдай бүгін Павлодар облысын Баянауыл ауданына қарасты Сәтбаев ауылында болған. Тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға барар жолда қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"10 қаңтар күні сағат 02: 58-де Баянауыл ауданында, Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 5 бөлмелі газоблокты үйде шатырдың ағаш құралымдарын, үй заттары, жиһаз жанып жатқаны анықталды, алдын ала болжам бойынша өрттің көлемі 180 шаршы метр. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін учаскелік полиция қызметкерімен көршісі 2013 жылы туған бала мен үй иесінің ағасы үйден құтқарылды.. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен жанып жатқан үйден 2015 жылғы бала құтқарылды. Өкінішке қарай, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Өрт 06 сағат 25 минутта жойылды. Өрттің себебі анықталуда, анықтаушы мен зерттеу сынақ өрт зертханасы сол жерде жұмыс істеуде", – делінген хабарламада.