Қоғам

Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын табылды

Polisia.kz

Полиция қызметкерлері ақмолалықты Қарағанды облысының аумағында тапты.

Ақмола облысының полицейлері 2,5 жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғынды іздеп тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың мамырында отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен қарт әйелді іздеді. 

Полиция қызметкерлері 1965 жылғы ақмолалықты Қарағанды облысының аумағында тапты. 

Целиноград ауданында тұратын ұлы мен келіні анасының жоғалып кеткені туралы полицияға арызбен жүгінген. Өздері де іздемек болған, алайда іздестірулері сәтсіз болған. Полицейлердің бастапқы іздеу шаралары қажетті нәтиже бермеді және осы бағыттағы жұмыс жалғасты, нәтижесінде әйелдің орналасқан жері анықталды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ақмолалық көрші облыста жұмысқа орналасқан, ал болашақта отбасына қайта оралуды жоспарламайды.