Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 706 бірлік техника және 1355 жолшы жұмылдырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында – 1 учаске 1. «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП -гр.Қарағанды обл. шек. – 61 км. Ақтөбе облысында – 1 учаске 1. «Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз а.-Қызылорда обл. шек. – 87км. Жетісу облысында – 1 учаске 1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.
Қарағанды облысында – 3 учаске 1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км. 2. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек.-Теміртау ААП – 73 км. 3. «Екатеринбург - Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП – Теміртау қ. – 20 км. Қостанай облысында – 1 учаске 1.«Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 82км. Қызылорда облысында – 1 учаске 1. «Самара-Шымкент» 1240-1657 км, Ақтөбе обл. шек.- Жосалы а. – 417км. Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске 1.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а.-Қиялы а. – 129 км. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 706 бірлік техника және 1355 жолшы жұмылдырылды.