Қоғам

Павлодар облысында жеке үйден өрт шығып, 9 жастағы бала көз жұмды

ашық дереккөз

Үйде алты адам болған.

Павлодар облысында бес бөлмелі үй жанған, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 02: 58-де Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бес бөлмелі газоблоктан салынған үйде  ағаш шатырдың, жиһаз бен үй заттарының жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы - 180 шаршы метр», – деді департаментте. 

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2013 жылы туған бала мен үй иесінің ағасы үйден шығарылды. Үйде алты адам болған: үш ересек және үш бала. Үш адам өздігінен үйден шығып, көрші үйде тұратын үй иесінің ағасынан көмек сұраған. Ол үйде қалған балаларды шығарған.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. 

Тілсіз жау сағат 06:25 минутта сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.