Қоғам

Алматыда екі ұлын өлтірді деген күдікпен туған әкесі қамауға алынды

Балалардың мәйіті жалға алынған пәтерде пышақ жарақаттарымен анықталған.

Алматыда аса айуандықпен өлтірілген екі баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

inbusiness.kz сайтының мәліметінше, 8 және 12 жастағы ер балалардың мәйіті жалға алынған пәтерде пышақ жарақаттарымен анықталған.

39 жастағы ер адам өз ұлдарын пышақтады деп күдіктенуде. Сондай-ақ оның алдында ер адам бұрынғы әйеліне хат жазып қалдырған.

Қылмысын әкелері телефонға түсіріп, әпкесі мен бұрынғы әйеліне жіберген. Әкесі қылмыс жасаған соң өзіне де пышақ жарақатын салған, бірақ тірі қалды.

Туыстары ерлі-зайыптылар тоғыз жыл бұрын ажырасып кетсе де, әжелері және балаларымен бірге бір пәтерде тұрғандарын дәлелді. Ал ер адам бір жыл бойы еш жерде қызмет жасамаған.

Анықталғандай, қайғылы оқиға болған күні әкесі балаларды емханаға апарамын деп алып кеткен. Ал шын мәнінде жалға алған пәтерге алып барған. Дәл сол жерден оқушылардың денесі табылды.