Қоғам

Астанада алып сәби дүниеге келді

ашық дереккөз

Әйел табиғи жолмен босанды.

Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақпен батыр сәби дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер бұл ретте кесарь тілігіне жүгінбеді, әйел табиғи жолмен босанды.

35 жастағы әйелдің бұл үшінші баласы.

Өзге балалары да 4500 және 4050 гр үлкен салмақта дүниеге келген.

Ол аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе акушері Залина Асановаға алғысы ерекше.

«Асқынусыз  босанды, бірақ, әрине, ерекше назар аударуға тұрарлық. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы – баланың дені сау және ана бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты», - деп пікір білдірді акушер.

Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті.

«Перзентханамызды соңғы айда екінші осындай алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген», - деді ол.