Қоғам

Мәжіліс депутаты БҚО-дағы шекаралық өткізу бекетіндегі жағдаймен танысты

Қаржыландырудың жоқтығына байланысты осы шекараға қатысты бірқатар мәселе әлі шешімін таппаған.

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов өңірлерге сапар барысында Батыс Қазақстан  облысына барып, қайта жаңартылып жатқан стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты.

Онда депутат шекарашылармен кездесіп, «Сырым» шекаралық өткізу бекетіндегі жағдайға назар аударды.

Өз кезегінде шекарашылар Батыс Қазақстан облысы мен Ресей арасындағы шекарада жүк көліктері тәуліктеп кезек күтетінін айтты. Алдағы уақытта тексеру бекеттерінің санын көбейіп, көлік өтетін жолақтардың санын арттыру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, қаржыландырудың жоқтығына байланысты осы шекараға қатысты бірқатар мәселе әлі шешімін таппаған. Бұлардың барлығын депутат өз бақылауына алатынын айтты.  

Одан әрі депутат Сырым өткізу бекетінен 12 шақырым қашықтықта орналасқан «Махамбет» шекара бөлімшесіне, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және 5517 әскери бөліміне барып, офицерлер мен келісімшарт бойынша міндетін атқарып жатқан әскери қызметшілермен кездесті.