Жаңалықтар

Семейдегі цемент зауытында өрт шықты

Абай облысы ТЖД

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

9 қаңтарда Семейдегі цемент зауытында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің келуімен ақпарат расталды.

«Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт орнында дереу өртті жою жөніндегі жедел штаб құрылды», – делінген хабарламада.

Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Абай облысы ТЖД күшімен галерея астында орналасқан жабдықтарды жөндеу цехынан 50 литрден 9 газ баллоны шығарылды. Өрттің себебі анықталуда. Сөндіруге жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника және 1 ГТҚҚ жұмылдырылды», – делінген Абай облысы ТЖД хабарламасында.