Қоғам

Кентауды жылумен жабдықтау мәселелері депутаттардың  бақылауында

Халықпен өткен жүздесулердің барлығында дерлік жылу жетіспейді деген шағымдар көптеп айтылуда.

Түркістан облысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Қайрат Балабиев, Ерлан Абдиев және Темір Қырықбаев Кентау қаласындағы нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Депутаттар «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, №5 Жылуэнергоорталығын қайта жаңарту жұмыстарының атқарылуын қадағалады.

Жылу беруші ұйымның және кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер ұйымның қызметін жіті бақылауда ұстау керектігі жөнінде депутаттар Ерлан Абдиев пен Темір Қырықбаев та айтты.