2 облыста республикалық жол жабылды
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысында - 1 учаске1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске1.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское» 65-228 км, Возвышенка а.-Рощинское а. – 163 км. 2.«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-47 км, Рощинское а.-Корнеевка. а. – 47 км. 3.«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» 213-280 км, Кішкенекөл а. - РФ шек. – 67 км. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 389 бірлік техника және 750 адам жұмылдырылды.