Жаңалықтар

Қордай ауданында әскери қызметшілер тұрғындармен төбелескен (ВИДЕО)

Видеодан алынған кадр

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады.

Желіде Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелесі түсірілген видео тарады.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады.

«1 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталған, оның ішінде екі әскери қызметкер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.