Жаңалықтар

Талдықорғанда кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға іздеу жарияланды

polisia.kz

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар .

Жетісу облысының полициясы адам өлтірді деген күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Полиция 1980 жылы туған Игорь Баланды іздеуде. Ер адам 5 қаңтарда Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмысты (адам өлтіру) жасауда негізді күдікті», – делінген хабарламада.  

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.  

«Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдарға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102», – делінген хабарламада.