Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы облысының аумағында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тауларында 8-11 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталатынын мәлімдеді.
«ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.