Көктайғақ, қатты жел, тұман: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Тұман, көктайғақ, екпінді жел болжануда.
Қазгидромет синоптиктері 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазақстанның солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі ықтимал. Тұман, көктайғақ, екпінді жел болжануда», — делінген хабарламада.