Қоғам

Кеніштегі апат: ойыққа түсіп кеткен автобустың орны шамамен табылды

Ашық дереккөз

Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобустың жатқан жері шамамен анықталды. Мамандар геологиялық радармен сканерлеу барысында техниканың 5 метр тереңдікте жатуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.