Қоғам

Ақмола облысында тұрғын үйдегі өрттен 2 адам қаза тапты

dknews.kz

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам жұмылды.

Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлады turkystan.kz.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды.

Қызыл жалынды сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындады. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады.

Өрт сөндірілді.