Қоғам

Оралда жол апатынан бір адам қаза тапты

БҚО ПД

Оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді.

Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.

«Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», — деді Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиев.