Қоғам

Алматыда отшашудан 2 жасөспірімнің қолы бөлшектеніп кеткен

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр.

Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

sputnik.kz сайтының мәліметінше, отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.

4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы үш бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол қазірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Жалпы 9 бала жүгінген.