Таразда көше тазалаушылар жалақыны көтеруді талап етті
Таразда көше тазалаушылар 80 мың теңге жалақымен қалған.
Таразда көше тазалаушылар мардымсыз жалақыны көтеруді талап етіп әкімдіктің алдына жиналды, деп хабарлады turkystan.kz.
«КТК» арнасының мәліметінше, бұған дейін 160 мың теңге алып жүрген «Жасыл ел Тараз» мекемесінің қызметкерлері биыл айлық 80 мың теңгеге қысқартылғанын айтады.
Ал әкімдік мамандары бұл мәселе мемлекеттік сатып алу конкурсының өтпеуіне қатысты дейді. Өйткені қоғамдық жұмысшылар жалақының жартысын мекеме ұсынған қосымша жұмыс арқылы тауып келген.