Президент теннисші Елена Рыбакинаны сенімді жеңісімен құттықтады

7 қаңтар, 2024 / Меруерт Сағымхан
Akorda.kz
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді» деп жазды Берік Уәли Facebookпарақшасында. 

Тэгтер:

Президент құттықтау теннис Рыбакина