Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты ұзарды

6 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
tirshilik-tynysy.kz
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады», - деді министрліктен.

Сондай-ақ бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.

Тэгтер:

ҰБТ қаңтар уақыт Өтініш беру ЕНТ